Құрбан айт мерекесі алдында саудасы қызған базарда қой бағасы қанша? - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан айт мерекесі алдында саудасы қызған базарда қой бағасы қанша?

Құрбан айт мерекесі алдында саудасы қызған базарда қой бағасы қанша?

Ертең күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам – Құрбан айт басталады. Үш күнге ұласатын бұл ұлық күні Алла ризалығына құрбандыққа мал шалынып, бес парыздың бірі орындалады. Бірақ базар мен мешіт маңда арнайы қойылған қасапханада болмаса, бөгде жерде мал союға биыл тыйым салынған. Егер ережені бұзар жан табылса, оған 80 мыңнан 170 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелмек. Бұл қала тазалығын сақтау үшін биыл әкімдіктің бекітіп отырған бағасы екен.

  • 15 Қазан 2013
  • 752
Фото - Caravan.kz

Алматылық Рәш қажы таңсәріден базарға келгендердің бірі. Қария құрбандық малын әйел болса да әр жыл өзі таңдауға дағдыланған.

Рәш Шәкірқызы, Алматы қаласының тұрғыны:

— Дауындық ретінде бүгін қой таңдауға келіп отырмын. Қой таңдаған кезде келесің, қарайсың. Кейбір қойлар дәл өзіңе қарап тұрады. Сондай сұп-сұлу болып, көзіңе қарап. Мені алшы дегендей қылып.

— Қалай таңдайды?

— Тістен, майда тісінен таңдайды! Бұлар 18-19 мың теңге. Оның үстіне ұрғашы.  

Сойылатын малдың ең бастысы — сырқаты мен кескінінде кемшілігі болмауы шарт. Мейлі ірі, мейлі ұсағы болсын. Ал еті «Алла ниетіне» деп сойылған соң үшке бөлінеді. Бірі өз отбасына қалдырылса, екіншісі көрші-қолаңға, үшіншісі мұқтаж жандарға таратылып берілуі тиіс.

Бір айта кетерлігі, құрбандыққа шалынар малды көрінген жерде союға болмайды. Сондықтан мешіт пен базар маңында арнайы қасапханалар жұмыс істеуде. Мәселен, бір Алматының өзінде осындай 30 орын қойылған. Десе де ережеге бағынбай, бөгде орында мал сояр болсаңыз, 80 мыңнан 170 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Биыл бекітіп отырған баға осындай.

Ал құрбандық малдың бағасын сөз етер болсақ, кескініне қарап биыл қойды 15 мыңнан 60 мыңға, ірі қараны 150-ден 200 мыңға, ал түйені 500 мың теңгеге алуға болады екен.


Кенже Спабеков, сатушы:

— Бағалары қымбат емес. Адам ниетімен алады ғой. Өтірік айтады, қымбат сатып жатыр деп. Пайызға көтерілмейді. Көп болса, сол бір-екі мың көтерледі. Біз де енді жынды емеспіз ғой. Салмағына байланысты сатамыз.

Ермек Көкірекбаев, найб имам:

— Құрбандық жалпы арабтың «қаруба» сөзінен шығады. Бұл жақындау, Алла тағаланы еске алу, мінәжат жасау. Пайғамбарымыз айтады, кімде кімнің жағдайы жетіп тұрса, сол құрбандық шалсын дейді. Құрбандық шалу біздің ханфи масхабында бекітілген уәжит. Бұл амалды орындамаған адам күнәһар болады.

Құрбан айт мерекесі қарсаңында сондай-ақ әрбір мұсылман отбасында айтқа жайылар дастархан мәзірі де әзірленеді. Иіс шығарып, 7 шелпегі қазанға түседі. Хадж сүресінде “құрбандыққа шалынған малдың аққан әрбір қаны мен тартылған астың әрбір дәмі әр жасаған күнәні кешіреді» делінген. Ендеше, ниет түзу, құрбан айт қабыл болғай жамағат.