ІІМ жоғары оқу орындарына құжат қабылдау толық цифрлық форматқа көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ жоғары оқу орындарына құжат қабылдау толық цифрлық форматқа көшті

ІІМ жоғары оқу орындарына құжат қабылдау толық цифрлық форматқа көшті

Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны алғаш рет толықтай цифрлық форматта ұйымдастырылып жатыр. 15 шілдеден бастап талапкерлер дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру кезеңіне кіріседі

  • 15 Шiлде
  • 1
Фото: ІІМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, қабылдау науқаны «Qyzmet-Police.kz» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Бұл талапкерлердің құжат тапсыру процесін жеңілдетіп, конкурстың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

15 шілдеден бастап талапкерлер тұрғылықты жеріндегі аумақтық полиция департаменттерінде дене даярлығы нормативтерін тапсырады. Барлық сынақтар бейнежазбаға түсіріліп, тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар ата-аналар сынақ барысын өз көздерімен бақылай алады.

– Биылғы қабылдау науқанының басты ерекшелігі – оның алғаш рет толығымен цифрлық форматта «Qyzmet-Police.kz» ақпараттық жүйесі арқылы өткізілуі. Біздің негізгі міндетіміз – конкурстың барынша ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету, – деді ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті басқармасының бастығы Сенбек Иманғали.

Оның айтуынша, қабылдаудың алғашқы кезеңі сәтті аяқталған. Талапкерлер құжаттарын онлайн тапсырып, әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындыларын да жүйе арқылы алған. Соның нәтижесінде қағаз құжаттармен жұмыс пен түрлі мекемелерге бару қажеттілігі едәуір қысқарған.

Нормативтер аяқталғаннан кейін талапкерлердің материалдары жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жолданады. Комиссия ҰБТ нәтижелерін, жеңілдіктердің негізділігін және өзге де құжаттарды қарап, шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда үміткерлер бейнебайланыс арқылы әңгімелесуден өтеді. Бұл процесс те толық жазылып отырады.

– Биыл ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына бөлінген 1250 орынға төрт мыңға жуық талапкер үміткер болып отыр. Сондықтан ата-аналардан оқуға түсіруге көмектесемін немесе мәселені шешіп беремін деп ақша сұрайтын алаяқтарға сенбеуді сұраймыз. Бүгінде барлық шешімдер цифрлық жүйеде қабылданып, әрбір кезең тіркеледі, – деді Сенбек Иманғали.