Республика бойынша мәслихат депутаттығына сайлау өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика бойынша мәслихат депутаттығына сайлау өтті

Республика бойынша мәслихат депутаттығына сайлау өтті

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес кеше республиканың 14 өңіріндегі 72 сайлау округінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті. Бұл туралы аталған комиссия баспасөз қызметінің жетекшісі Венера Жексембекова мәлім етті.

  • 28 Қазан 2013
  • 2584
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, кеше Астана қаласының мәслихат депутаттары,18 облыстық, 18 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаттары сайланған. Ұсынылған 244 кандидаттың 77-сі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер атынан түссе, қалған 167-сі өзін-өзі ұсынған. Орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 2-ден аса кандидат болған. Сайлаушылар тізіміне 478344 адам енгізіліп, оның 338016-сы дауыс беруге қатысқан.

«Сайлаушылардың орташа жасы 47 жасты құрайды. 67 депутаттың жоғары білімі бар. Мамандығы бойынша он тоғызы — инженер, он үші — экономист, оны — оқытушы, сегізі — дәрігер, бесеуі — ауыл шаруашылығы маманы, бесеуі — заңгер, алтауы — басқа мамандық иелері, біреуі мамандығын көрсетпеген», — дейді ол.

В.Жексембекованың айтуынша, сайлау науқаны сайлау заңнамасы талаптарына сай өткізілген. ОСК-ге 4 арыз түсіп, олар комиссия мүшелері тарапынан тиісінше жауаптар мен түсініктемелер алған.