"Жақсы ұсыныстар түсіп жатыр": Мұхит Амантаев келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жақсы ұсыныстар түсіп жатыр": Мұхит Амантаев келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

"Жақсы ұсыныстар түсіп жатыр": Мұхит Амантаев келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Боксшы әрі жаттықтырушы Мұхит Амантаев жеңілістен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасап, рингке қашан қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

  • 14 Шiлде
  • 239
Фото: www.instagram.com/mukhit_amantayev

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында үлкен боксқа қайта оралу өзіне ерекше әсер сыйлағанын жазды. Сондай-ақ, нәтиже күткендей болмағанын да жасырмады. Соған қарамастан, ол келесі жекпе-жекке дайындықты бастап кеткенін де жеткізді.

«Үлкен рингке қайта оралып, өте мықты әсер алдым. Иә, бұл жолы қателіктер көп болды, сол себепті жеңіліске ұшырадым.

Бірақ қателік – дамудың бір бөлігі. Әрбір қателік келесі жеңіске бір қадам жақындатады. Сол күн өтті, артта қалды. Біз өткенге емес, тек алға қарай жүреміз. Қазірдің өзінде келесі жекпе-жекке жақсы ұсыныстар түсіп жатыр. Ең бастысы – келесі жолы өзімнің стихиям, өзімнің спорт түрім – бокста жұдырықтасамын.

Алда жақсы жаңалықтар көп. Қолдау көрсеткен әрқайсыңызға рақмет! Кездескенше!», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Мұхит Амантаев соңғы жекпе-жегін 4 шілде күні Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде өткізді. Ол бұл кездесуде Ержан «Мотиватор» Бекембетовпен жұдырықтасты. Жекпе-жек ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтті. Амантаев кездесуді сенімді бастағанымен, үшінші раундта нокаутқа түсіп, күтпеген жерден жеңіліске ұшырады.