Мейрамхана қызметкерлерімен жаға жыртысқан полицейлер үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамхана қызметкерлерімен жаға жыртысқан полицейлер үстінен қылмыстық іс қозғалды

Мейрамхана қызметкерлерімен жаға жыртысқан полицейлер үстінен қылмыстық іс қозғалды

Атырауда мейрамхана қызметкерлерімен жаға жыртысқан тәртіп сақшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге сала кетсек, өткен 16-шы тамыз күні түнде полицейлер қаладағы мейрамханалардың біріне баса-көктеп кіріп, ондағы еркек кіндікті қызметкерлерді түгел көлікке тиеп, бөлімшеге алып кеткен.

  • 29 Қазан 2013
  • 192
Фото - Caravan.kz


Ал рестораторлар полицейлердің бұл қылығын басынғандық деп бағалап, прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсірген болатын.

Мейрамхана иелерінің сөзіне сенсек, полиция қызметкерлері мұны кез-келген уақытта кедергісіз кіріп, ақысыз қарын тойдырып кету үшін әдейі ұйымдастырған. Себебі, қаладағы басқа көңіл көтеру орындарында оларға тегін қызмет көрсетілетін көрінеді. Ал ішкі істер департаментіндегілер  «полицейлер ол жерге мейрамхана күзетшілерінен таяқ жегендердің арызы бойынша барды» деген еді. Алайда прокуратура тәртіп сақшылары қызметін асыра пайдаланған деп отыр.