«2017 жылы «ЭКСПО» көрмесі өтеді. «ЭКСПО» алдында қаланың инфрақұрылым мәселелерін шешу керек. Бұл дегеніміз — жеңіл рельсті көлік құрылысы, қаладағы энергияны үнемдеу, «жасыл» экономика талаптарына сай келетін жаңа экологиялық аудандар құрылысы, қаланың жылжымалы құрамының толық экологиялық жанар-жағармай түрі, яғни газ қолданысына көшіру мәселесі. Бірлесіп талқылайтын мәселелер баршылық, өйткені сіздердің бизнесті ұйымдастыруда жақсы тәжірибелеріңіз бар, бұл ретте біз аз қаражат жұмсаумен қатар максималды табыс табуды қарастыруымыз керек. Біреу сырттан келіп, жұмысты жасап, ақша тауып кетпеуі керек, мұның барлығын сіздер жасауларыңыз керек», — деді Иманғали Тасмағамбетов.
Астана Әкімі жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкерлер арасында мемлекеттік сатып алулар саласында ынтымақтастық жасау мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.