Жас өнертапқыштар Алматы өмірін жандардырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас өнертапқыштар Алматы өмірін жандардырмақ

Жас өнертапқыштар Алматы өмірін жандардырмақ

Қала іргесіндегі «Алатау» инновациялық технопаркінде бүгін студенттер өз жобаларын ұсынып, алдағы уақытта қандай жаңалық енгізуге болатынын жеткізді.

  • 30 Қазан 2013
  • 280
Фото - Caravan.kz


Таныстырылған жобалардың ішінде денсаулық сақтау және туризм саласы мен электр қуатын үнемдеу және ұшу аппараттарының жаңа үлгілері алғаш рет көрсетілді. Бұл бастамалардың барлығы әлем бойынша баламасы жоқ екен. Мәселен, 2017 жылы ұйымдастырылатын Универсиадаға келген қонақтар адасып қалмас үшін, барлық төлем терминалдары электронды картамен жабдықталып, қажетті қоғамдық көлік түрінің бағытын көрсетеді. Ал жаңа шамдар көмегімен тұтынылатын электр энергиясы 2-3 есе азайтылмақ. Сонымен қатар әр участкелік дәрігердің жұмысын жеңілдету мақсатында шағын аппарат құрастырылыпты. Енді кардиограмма мен тамыр соғуының жиілігін бірден есептеуге болады. Ал ұшу аппараты жердегі жағдайды бақылап, төтенше оқиға кезінде қауіптілік деңгейін анықтауға септігін тигізбек.