«Кеше Премьер-Министр кездесу өткізді. Оған компанияның бас директоры Виджай Махадеван екеуміз қатыстық. Талқыланған мәселелердің бірі — «Альянс Полис» сақтандыру компаниясының тиісті сомаларын өтеуі. Премьер-Министр сақтандыру компанияларын қадағалауды жүзеге асырушы орган ретінде Ұлттық банкке Бас прокуратура ұсынысының негізінде 30 күн ішінде, яғни 1 желтоқсанға дейін «Альянс Полис» берешек болған барлық тиісті сомаларды өтеуді қамтамасыз етуге тапсырма берді», — деді И. Хмелик.