Атырауда екі облыстық басқарманың жаңа жетекшілері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда екі облыстық басқарманың жаңа жетекшілері тағайындалды

Атырауда екі облыстық басқарманың жаңа жетекшілері тағайындалды

Атырауда облыстық мәдениет және облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының жаңа жетекшілері тағайындалды.

  • 30 Қазан 2013
  • 367
Фото - Caravan.kz


Спортты енді облыста 48 жастағы Асан Раушанов басқаратын болады. 2006-2012 жылдары ол Атырау қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болған. Қазіргі қызметке тағайындалғанға дейін Асан Раушанов облыстық әкімдіктегі балалардың құқығын қорғау бөліміне жетекшілік етіп келді.

Облыстық мәдениет басқармасын Алтынбек Нысанғалиев басқарады. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының түлегі А.Нысанғалиев Индер ауылындағы «ИндерБорат» МҮ директоры болып, аудандық комсомол крмитетінің екінші хатшысы, кинофикация басқармасының директоры, Индер ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі, облыстық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары, мұнай компаниясында кәсіподақ комитетінің босатылған төрағасы болды.