Астанада қос кітаптың тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қос кітаптың тұсауы кесілді

Астанада қос кітаптың тұсауы кесілді

 Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ақмола үшін шайқас» және «Есть в жизни магистральный путь» атты екі кітаптың тұсаукесері өтті.

  • 30 Қазан 2013
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Ақмола үшін шайқас» кітабының авторы — республикалық «Әділет БАҚ Медиа» газеті редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин. Кітапқа автордың әр жылдарда жазған очерктері, елімізге танымал тұлғалармен сұхбаттары, көсемсөз мақалалары енген. Кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі «Жылдар жаңғырығы» деп аталады. Онда автордың әр жылдарда жазған очерктері мен бүгінгі таңдағы өзекжарды мәселелер туралы терең талдауға құрылған сараптамалық мақалалары топтастырылған. Ал екінші бөлімде есімдері елімізге мәлім журналистика майталмандары, ғалымдар мен әдебиеттанушылар туралы материалдар мен сұхбаттар қалың оқырманды бей-жай қалдырмайды.

«Есть в жизни магистральный путь» кітабының авторы «Казахстанская правда» РГ» АҚ төрағасының орынбасары Александр Тараков. Кітапта қазақстан қоғамы орнығуының өзекті мәселелері, қыр-сыры мен мән-жайлары баяндалады.


Қос кітап та ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті тарапынан «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2 мың данамен басылып шықты.

Перейти к новостям спорта