СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Тайланд астанасы Бангкокта әйелдер құрама командалары арасында баскетболдан Азияның кезекті чемпионаты жалғасын табуда. Турнирді  сылбыр бастаған еліміздің бас командасы артта қалған үш кездесуде де  жеңіліс тапты. Алдымен  59:64 есебімен Жапониядан ұтылса, келесі күні 62: 103 есебімен Қытай құрамасына жол берді. Үшінші турда да жолымыз болмады. Бұл жолы 57:87 есебімен Тайпейден ұтылдық.  Келесі турда Қазақстан құрамасы Кореямен кездеседі.

  • 31 Қазан 2013
  • 308
Фото - Caravan.kz

 

Баскетболдан Бірлескен Лиганың тұрақты чемпионтында үшінші турдың нәтижелері белгілі болды. Астанада жергілікті гулливерлер 98:95 есебімен  Самараның « Красная -Крылья » клубынан басым түсті. Ә дегеннен ширақ ойынға кіріскен қонақтар үлкен үзіліске дейін таблодағы есеп айырмашылығын  19 ұпайға жеткізіп үлгерді.

Бірақ асып-саспаған астаналықтар біртіндеп ойын тізгінін қолға ала бастады. Нәтижесінде мачтың екінші жартысында таразы басын теңестірген жерлесетеріміз бәсекенің соңғы бөлігінде жеңісті жұлып кетті. Осы ойында астаналық  қорғаушы Джерри Джонсон 24 ұпаймен көзге түссе, «Красная -Крыльяның» сұр мергені  Джулиан Райттың есебінде 26 ұпай. 3- қараша күні «Астана» өз алаңында Мариупольдің «Азовмашын» қабылдайды.

 

Хромтаудың «ТНК Қазхромы» тұңғыш рет ерлер командалары арасында волейболдан ел кубогының жеңімпазы атанды. Олар өз алаңында өткен ақтық сында 3:0 есебімен  «Алматы»  клубынан алда болды. Ел кубогын сарапқа салған  әйелдер командалары арасында осымен жетінші рет Талдықорғанның «Жетісуы» үздік шықты. 

 


Футболдан Испания чемпионатының 11-ші турының алғашқы кездесулері ойналды. Турнир кестесінде көш бастап тұрған “Барселона” бұл жолы “Сельтаға” қонаққа барған.

Матчтың 9-шы минутында қорғаныста қателік жіберген алаң иелері бірден жазаланды. Сеск Фабрегас сол қанатпен айып алаңға кіріп соққы жасаған болатын. Қақпашы допты қайтарғанымен, Алексис Санчес каталондықтарды алға шығарды. Үзілістен кейін шапшаң ойын көрсеткен “Барселона” есепті еселеп кетті. Комбинациялық шабулды Фабрегас соққымен аяқтаған болатын. Маңдайшадан серпілген доп Йоэльдің қолына тиіп, қақпа ішінен табылды. Көп ұзамай “Сельта” қорғанысы тағы сыр берді. Өткір шабуылда мергендігімен көзге түскен Фабрегас болатын. Қалған уақытта “Сельта” футболшылары гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алған жоқ. Қортынды есеп 3:0. 11-ші турдан кейін 31 ұпаймен “Барселона” жеке дара көш бастап тұр.