Қазақстанда 13 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,94 теңгеге көтеріліп, 477,11 теңге болды. Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы долларға 464,71 теңге деңгейінде белгіленген.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
- сатып алу – 471,83 теңге;
- сату – 474,65 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
- сатып алу – орташа есеппен 471,08 теңге;
- сату – 478,08 теңге.
Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Ұлттық банк «айналау» тетігін енгізді. Ол ірі біржолғы операциялардың орнына Ұлттық қордан валютаны кезең-кезеңімен сатуды көздейді. Ұлттық банк бұл шара бюджеттік трансферттердің валюта нарығына әсерін бәсеңдетуге, теңге бағамының динамикасын тұрақты етуге және бағамның күрт құбылуын болдырмауға мүмкіндік береді деп есептейді.