Алматыда 2 полицей жол апатынан қаза тауып, тағы біреуі ауыр жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2 полицей жол апатынан қаза тауып, тағы біреуі ауыр жараланды

Алматыда 2 полицей жол апатынан қаза тауып, тағы біреуі ауыр жараланды

Алматыда екі бірдей тәртіп сақшысы жол апатынан мерт болды. Тағы біреуі ауыр жараланған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, апатқа сол полицейлердің өздері кінәлі екен.

  • 31 Қазан 2013
  • 246
Фото - Caravan.kz

Мұхамедамин Жайлаубаев, жәбірленуші:

— Рөлдегі полицейдің аяғы қыстырылып қалыпты, ауызынан арақ иісі мүңкіп тұрды. Артында үш қыз отырған, оларды сіздер келгенше бір машина алып кетті.

Тәртіп сақшылары тізгіндеген көлік қарсы бағыттағы машинаны бар жылдамдығымен келіп соғып, бірнеше рет аударылған. Соққының қатты болғаны сонша, темір-терсекке қысылып қалған мәйіттерді шығару үшін арнайы техника қажет болыпты. Формадағы полицейлердің бірі қызметте болғаны анықталды. Табельдік тапаншаның табылуы да содан. Ал жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші болса, ауыр жарақатымен ауруханада жатыр. Сондай-ақ, көлік ішінде тағы үш қыз отырған. Оларды түсіру тобы жеткенше оқиға орнынан алып кеткенге ұқсайды. Тағы бір айта кететін жайт, жәбірленуші тарап тізгіндегі азаматтың мас болғанына сенімді.


Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

— Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол көлік апатына себепші жүргізуші анықталатын болады.