Атырау облысында экономиканың әртүрлі секторларын дамытудың келешегі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында экономиканың әртүрлі секторларын дамытудың келешегі бар

Атырау облысында экономиканың әртүрлі секторларын дамытудың келешегі бар

Кәсіпкерлер палатасының Атырау облысындағы Өңірлік кеңесінің бірінші отырысында Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев бизнесмендермен өңірді дамытудың келешегіне қатысты өз ойымен бөлісті.

  • 31 Қазан 2013
  • 658
Фото - Caravan.kz

«Біз Атырау облысының ерекше рөлін ескереміз. Өңірде еліміздің ІЖӨ 10%-дан астамы өндіріледі. Осы өңірде «Қашаған» кен орнын есепке алғанда мұнайдың жартысына жуығы өндіріледі. Өте маңызды өңір, өңірдің бизнесі де белсенді. Менің мәліметтерім бойынша, ШОБ саласына 90 мыңға шамалас адам қамтылған. Халық саны есебіне шаққанда бұл өте жақсы көрсеткіш», — деді төраға.

Сонымен бірге, Атырау облысы әкімдігінің мұнай-газ секторындағы компанияларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетуге өңірдің ШОБ тарту үшін жер қойнауын пайдаланушылармен белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Дегенмен Атырау облысында экономиканың басқа секторларының да келешегі бар екенін көріп отырмыз. Мысалы, алдағы уақытта дамитын мұнай-химия кластері. Бұл негізгі мұнай-химия өнімдерін өндіруге мүмкіндік жасайды: полипропилен, полиэтилен, бутадиен. Атырау облысы халқының жартысынан астамы ауылды аймақта тұрады. Бұл ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік жобаларды белсенді дамытуға мүмкіндік жасайды. Ол үшін қаражат бар, ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен оларды қайта өңдеуді жолға қою үшін біздің мүмкіндіктерімізді «ҚазАгро» және басқа да даму институттарымен үйлестіру қажет», — деді Т. Құлыбаев.


Ол өз сөзінде Қазақстан бизнесмендерінің кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған барлық бағдарламалар жайында толық ақпараттандырылып отыруы жолында Палата мамандарының барынша күш салатынын да айтты.

«Бұл мәселеге шығармашылық тұрғыдан қарау керек. Сіздерде айналаңызды өзгертуге қатысты өз көзқарастарыңыз бар және де оны жүзеге асыра аласыздар деп үміттенеміз», — деді сөз соңында Т. Құлыбаев. Бұл туралы ҚР ҰКП баспасөзбен байланыс қызметінен хабарлады.