Ресей Сирияға химиялық қаруды жоюға 2 млн доллар бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Сирияға химиялық қаруды жоюға 2 млн доллар бермек

Ресей Сирияға химиялық қаруды жоюға 2 млн доллар бермек

Ресей сириялық химиялық қаруды жоюға 2 миллион доллар қаржы бөледі. Тағы бірнеше ондаған мемлекет осы шамалас қаржы бөлуге дайын.

  • 1 Қараша 2013
  • 271
Фото - Caravan.kz

«Коммерсантъ» газетінің жазуына қарағанда, Ресей сириялық химиялық қаруды өз аумағына енгізуден бас тартқан. Алайда Сирияға радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскери қарулы күштерін жібермекке ниетті. Олар өздерінің шетелдік әріптестерімен жою процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, Ресей сириялық арсеналдарды шетелдік полигонға шығару үшін арнайы көліктер бөлуі де ықтимал.

Осыған дейін хабарланғандай, сириялық химиялық қаруды жою бойынша операцияның екінші кезеңі Албания аумағында өтуі мүмкін.