«Бұл алаңдарды бөліп, барлығы үшін ақша алған директор бар. Осында, Астанада тұратын құрылтайшылар бар. Егер олар БАҚ арқылы арандатушылық әрекеттерін тоқтатпайтын болса, онда аты-жөндерін жария ететіндігімді мәлімдегім келеді», — деді ол.
Оның атап өтуінше, кедергілерге қарамастан базарларда тәртіп орнату жұмыстары аяғына дейін жүргізіледі.