Бір жылдың ішінде еліміздегі азық-түліктің бағасы 3,3 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір жылдың ішінде еліміздегі азық-түліктің бағасы 3,3 пайызға өсті

Бір жылдың ішінде еліміздегі азық-түліктің бағасы 3,3 пайызға өсті

 2013 жылғы қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы қазанмен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланд

  • 1 Қараша 2013
  • 602
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылғы қазанда 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға макарон өнімдеріне 8,2 пайыз, сүт өнімдеріне — 4,7 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне — 4,3 пайыз, ұнға — 4,2 пайызға өскен. Бұдан бөлек, кофе, шай және какаоның бағасы 4,1 пайызға, тоқаш және ұн өнімдері — 3,6 пайызға, алкогольді ішімдіктер 3,4 пайызға, кондитерлік өнімдер 2,9 пайызға, май және тоң май 2,3 пайыз, нан 1,4 пайызға қымбаттаған. Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі жармаларға 5,1 пайыз, қантқа — 2,3 пайыз, жемістер мен көкөністерге — 0,7 пайыз шамасында байқалды.


«Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 2,9 пайызды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4,3 пайыз, жылқы етіне — 4,1 пайыз, сиыр етіне — 2,8 пайыз, қой етіне — 2,6 пайыз, шошқа етіне — 2,4 пайыз, құс етіне — 0,7 пайызға жоғары болды», — делінген баспасөз баянында.