«Меломан» компаниясы «Тор-2» блокбастерімен өз көрерменін қуантуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Меломан» компаниясы «Тор-2» блокбастерімен өз көрерменін қуантуда

«Меломан» компаниясы «Тор-2» блокбастерімен өз көрерменін қуантуда

«І-МАХ» форматындағы кезекті үздік тұсаукесер! Бұл жолы «Меломан» компаниясы «Тор-2» блокбастерімен өз көрерменін қуантып отыр. «Дисней» мен «Сони» студияларының өнімін елімізде ресми таратушы мекеме алғашқы қос бөлімнің қосындысын ұсынуда екен. Яғни, аяқсыз қалған картиналар жалғасын тауып, бас кейіпкерлер образы өзге қырынан ашылады.

  • 2 Қараша 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бастапқы қос туындыда жұбы жараспаған ағайынды бұл жолы күш біріктіреді. Бәз-баяғы қарашаны қап-қара түнекке жөнелтпек болған жауызбен айқасу үшін.

Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері:

— «ТОР-2» туындысының ерекшелігі сол, өткен қос фильмнің жалғасы болып табылады. Және аяқсыз қалған блокбастердің соңы осында көрсетіледі.

Тор мен Лукидің кезекті үздік образын алғаш болып тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Бұндай тамаша мүмкіндікті көрерменге «Меломан» компаниясы беріпті. Тіпті арнайы сайыс ұйымдастырып, жеңімпаздарға бүгінгі жабық көрсетілімнің билетін табыстады.

Камила Әбдірахман, «І-МАХ» жобасының менеджері:


— Фильмде жалпы көптеген сезімтал көріністер бар. Жылап жіберетін жерлер де бар. Сондықтан 12 жастан жоғары балаларға көруге болады және бәріне ұнайды деп ойлаймын.

Шайқасқа толы блокбастерде бұқараға таныс сезім – махаббатқа да орын табылыпты. Бас кейіпкер — Крис Хемсворт әдеттегідей жауыздарды жеңіп, еліне бейбіт өмір сыйлайды.

Жауапты мамандар аталмыш кинокартинаның айналымы бірінші бөлім мен «Мстители» фильмінен асып түсеріне сенімді. Ал «ТОР-2» туындысының кейіпкерлеріне баға беру сіздің еншіңізде. Бүгіннен бастап фильм отандық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.