Бүгіннен бастап елімізде «универсал полицейлер бөлімі» іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгіннен бастап елімізде «универсал полицейлер бөлімі» іске қосылды

Бүгіннен бастап елімізде «универсал полицейлер бөлімі» іске қосылды

Қос қызметке бір міндет. Бүгіннен бастап елімізде патруль мен жол полициясы біріктірілген бөлім іске қосылды. Яғни, бұдан былай жолдағы, көшедегі және қоғамдық орындағы тәртіпті «универсал полиция» деп аталатын жаңа қызмет қадағалауға кіріспек. Десе де аталмыш күш құрылымындағы ішкі өзгеріс мұнымен ғана шектелмек емес. Жоспарға сай алдағы уақытта сақшылардың киімі ауысып, жұмысқа қабылдау талаптары күшейтіледі. 

  • 2 Қараша 2013
  • 606
Фото - Caravan.kz

Бұл Алматының ішкі тәртібін қадағалау тиіс сақшылар қатары. Бірі жол полициясынан, енді бірі патруль қызметінен жиналған. Бірақ бүгінен бастап, екеуінің атқарар міндеті ортақ. Яғни, бұдан былай жол-патрульдік полициясы болмаса, жеке дара бұл бөлімдер енді жұмыс істемейді.

Ресми бұйрықтан соң «жол-порульдік полиясы» деген жаңа жазу басылған 172 көлік қызметтеріне кірісуге аттанып кетті. Ережеге сай мұндай бір көлікте екі патруль мен бір жол сақшысы отыруы тиіс. Сөйтіп, жолдағы, көшедегі, қоғамдық орындағы тәртіпке бірлесе қадағалау жасайды.

Санжар Әбдірайымов, Жол-патрульдік полициясының қызметкері:

— Жұмысымыз жалпы қиындайды деп айта алмаймын. Өйткені ең бастысы қала тәртібін қадағалайтын боламыз. Тек қана бір міндет қосымша қосылды. Жол ережесін қарауға.

Сондай-ақ, жаңа құрылым басшыларының ең бастысы жол-патрульдік полициясы ереже бұзбаса, кез келген көлікті тоқтатып, жүргізушілердің мазасын алмайды деп отыр.


Айтжан Әлмұхамбетов, Алматы қалалық ІІД жол-патрульдік полициясының командирі:

— Қоғамдық тәртіпті сақтау, жолдағы ереже бұзушылық болса, соларды реттеу. Сондай ең бірінші мақсат қойылып жатыр.  Жолдың  шетінде тоқтатуға болмайды.

Десе де бұл бір Алматы сақшыларына қатысты өзгеріс емес, жалпы ел көлемінде қолға алынған шара. Мәселен, бүгін Оралда да жол-патрульдік полициясы ресми қызметіне кірісті.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

— Әмбебап полициясы қағидасы негізінде республика бойынша 8 мыңнан астам полиция қызметкерлері жұмысына кірісті. Олардың жалпы штатта саны 12 мың. Оларды қабыдау, емтихан алу жұмыстары жалғасатын болады. 

Десе де аталмыш күш құрылымындағы ішкі өзгеріс тек мұнымен ғана шектелмек емес екен. Өйткені алдағы уақытта Ішкі істер қызметінің киімі ауысып, жұмысқа қабылдау тәртібі біршама күшейтілмек.