Петропавлда 70-тен астам сарбаз астан ұшынып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда 70-тен астам сарбаз астан ұшынып қалды

Петропавлда 70-тен астам сарбаз астан ұшынып қалды

Петропавлдағы 66/37 әскери бөлімінде міндетін өтеп жүрген жетпістен астам сарбаз астан ұшынып қалды. Жағдайлары аса нашар  үшеуі қазір қалалық ауруханаға жеткізілген, қалғандарын әскери бөлімнің  өзінде емдеп жатыр.    

  • 2 Қараша 2013
  • 376
Фото - Caravan.kz

Қызулары көтеріліп, іштері өткен сарбаздардың алғашқысы дәрігерге кешке кешкісін шағымдана бастаған. Таңға дейін олардың саны жетпістен  асыпты.  Барлығы былтыр әскер қатарына шақырылған 18 бен 19 жас аралығындағы жігіттер. Мамандар олардың тамақтан ұшынуы мүмкін деген жорамал жасап отыр. Кеше түсте сарбаздар сорпа мен палау жеген екен. Қазір әскери бөлімдегі асхананы санитар-эпидемиологтар тексеруде.       


Ақиқат Жұмаханов, 66/37 әскери бөлімінің командирі:

— Әзірге диарея деген диагноз. Тоқтатылды, бәрі жақсы.  Дәрі бергенен кейін бәрі дұрысталды. Дәрі бәрі жеткілікті. Дәрігерлердің бәрі осында.