Аяғы ауыр әйелдердің ішін ұстауға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аяғы ауыр әйелдердің ішін ұстауға тыйым салынды

Аяғы ауыр әйелдердің ішін ұстауға тыйым салынды

АҚШ-тың Пенсильвания штатында бейтаныс адамдарға жүкті әйелдердің ішінен ұстауға тыйым салатын заң қабылданды. Жаңа заңның қабылдануына Ричард Бейшлан есімді қарапайым тұрғын себепші болды.

  • 4 Қараша 2013
  • 505
Фото - Caravan.kz


Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, 57 жастағы Ричард өзінің екіқабат көршісін көріп, оның ішінен сипаған. Әйел мұны арсыздық санап, полицияға шағымда­нады. Тәртіп сақшылары бейәдеп әре­кеті үшін Бейшланды қамауға алды. Сарап­шылардың айтуынша, мұндай жайт елдің құқықтың тәжірибесінде алғаш рет тіркеліп отыр. Осыдан кейін штатта бөгде адамдарға жүкті әйелдер­дің қарнынан ұстауға тыйым салатын жаңа заң қабылдан­ды. Бұл заңға аяғы ауыр әйелдерді ем­дей­тін дәрігерлер ғана бағынбауы мүмкін, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.