ОҚО прокуратурасы 129 кәсіпкердің конституциялық құқығын қорғап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО прокуратурасы 129 кәсіпкердің конституциялық құқығын қорғап қалды

ОҚО прокуратурасы 129 кәсіпкердің конституциялық құқығын қорғап қалды

11 қазан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жұмысын қатаң сынға алды.

  • 4 Қараша 2013
  • 642
Фото - Caravan.kz

Президент кәсіпкерлерге, әсіресе, құқық қорғау органдары тарапынан артық қадағалау жүргізілетініне ерекше назар аударды.

«Бас прокуратураға ведомствоаралық жұмыс тобын басқарып, тексерулерді азайту бойынша ұсыныстар жасап шығаруды тапсырамын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Заңсыз тексерулер фактісі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Мақтаарал және Түлкібас аудандарында орын алған.

Мәселен, Сайрам ауданы бойынша Салық басқармасына қатысты қозғалған қылмыстық істің болмауына қарамастан қаржы полициясы органдарының хаты негізінде «Достық-2001» ЖШС қызметіне заңсыз салықтық тексеру жүргізу анықталған.

Осыған ұқсас қандай да бір заңсыз негіздерсіз тексеріс жүргізу фактілері Мақтаарал және Түлкібас аудандарынан да анықталған. Прокурорлардың араласуынан кейін заңсыз тексерістер тоқтатылды.


Соның арасында, ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен биылғы жылы 129 кәсіпкердің конституциялық құқықтары қорғалғаны хабарланды. 70 лауазымды тұлғалар түрлі жауапкершілікке тартылған.