Байқаудың мақсаты — жас орындаушылардың өнерін жан-жақты дамыта отырып, кәсіби орындаушылық шеберлігін арттыру. Оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері Қ. Ахметов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры В.Иголинский, Санкт-Петербордағы Маринский атындағы театрдың симфониялық оркестрінің солисі Н.Мохов, Ташкент қаласындағы В.Успенский атындағы РСССМШИ ұстазыИ.Т.Ганиев, Бішкек қаласындағы М.Абдраев атындағы РОМММИ ұстазы Ч.Шалтақбаев құрметті қонақ ретінде қатысуда.