«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің соңғы учаскесінің мердігері белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің соңғы учаскесінің мердігері белгіленді

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің соңғы учаскесінің мердігері белгіленді

Компания СП «Тодини-Имперджилио-Аккорд» БК компаниясы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қайта салынуға тиісті «Ташкент-Шымкент» автомобиль жолының 37 километрін, яғни осы дәліздің ең соңғы учаскесін салатын мердігер болып белгіленді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Қараша 2013
  • 608
Фото - Caravan.kz

«Ташкент-Шымкент» жолының соңғы екі учаскесі бойынша мердігерлер таңдаудың конкурстық ресімі әрі қарай жалғасуда.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағыновтың айтуына қарағанда, «Жалпы ұзындығы 99 км «Шымкент-Ташкент» жолы небәрі үш учаскеге бөлінген, сондықтан бізге екі мердігерді ғана таңдау қалды. Бұл жол қайта салынғаннан кейін 4 жолақты қозғалысқа арналған, цемент-бетон жамылғысы бар бұл жол І техникалық категорияға көшіріледі. Бұның сыртында, учаскеде 1 көлік айрығы және 5 жол өтпесін салу көзделуде. Барлық жол құрылысын аяқтау арқылы жобаны іске асыруды біз 2015 жылға жоспарлап отырмыз».

«Шымкент — Ташкент» автомобиль жолы«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі екендігін еске саламыз. Дәліздің Қазақстан аумағы арқылы өтетін ұзындығы — 2787 км, оның қайта салынатыны — 2452 км. Оның ішінде 2011 жылы 215 км, 2012 жылы 700 км пайдалануға берілген болатын. 2013 жылдың аяғына дейін 806 км жол бойы жүріп өтуге ашылатын болады.