ОҚО-да нан бағасы 5 теңгеге көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да нан бағасы 5 теңгеге көтерілді

ОҚО-да нан бағасы 5 теңгеге көтерілді

Оңтүстік Қазақстанда нанның бағасы бірден бес теңгеге көтерілді. Осыдан бір ай бұрын Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанда нанның қымбаттауына еш негіз жоқ деп сендірген болатын. Ал қарашаның бірінен бастап Шымкентте бұған дейін 35 теңгеге бағаланған бөлке нан 40 теңгеден сатыла бастады.

  • 5 Қараша 2013
  • 275
Фото - Caravan.kz

Бағаның бірден шарықтауы әсіресе жағдайы төмен отбасылармен бала-шағасы көп шаңырақтарға ауыр тиюде. Саудагерлердің айтуынша бұқара қазір бөлке нанды алуды азайтқан. Жергілікті әкімдік болса бағаның неліктен күрт көтерілгенін түсіндіріп бере алмай отыр. Есесіне, Шымкенттегі «Нан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы мұны ұнның қымбаттауымен байланыстырды. Ал, оған өз кезегінде жарықпен жанармай бағасының өсуі себеп болыпты. Ұнның бағасы бүгін емес, шілдеден бастап көтерілген екен. Содан бері облыстағы 43 наубайхананың 5-уі бұған шыдай алмай жабылып қалған. Енді жергілікті кәсіпкерлер Үкіметке үміт артып отыр.


Әбдімәлік Көмекбаев, «Нан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

— Бұл жерде екі-ақ нұсқа бар. Әкімшілік былтырғыдай қолдайтын болса, түсіреміз. Ал енді қолдамаймыз, бірақ бағаны түсіріңдер дейтін болса, амалсыз жабылады. Үшінші нұсқа осы бағаға келісіп, жұмыс істей беру.