Өскеменде терможаңғыртудан өткен үйлердің шатырынан су ағуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде терможаңғыртудан өткен үйлердің шатырынан су ағуда

Өскеменде терможаңғыртудан өткен үйлердің шатырынан су ағуда

Өскеменде осыдан екі жыл бұрын терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен үйлердің шатырынан су ағып жатыр. Көктем басталысымен көресінді көрген тұрғындар бүгін бұдан арыға шыдай алмай шу көтерді. 

  • 5 Қараша 2013
  • 225
Фото - Caravan.kz


Жұрт олқылықтарды қайта орнына келтіруді талап етуде. Бағдарламаға екі жыл бұрын қатысқан жиырма шақты үйдің қазіргі жағдайы тым мүшкіл. Өйткені, көктем мен күзде жауын өтіп, жыртық шатырдан аққан су әлеуметті әбігерге түсірген. Жергілікті шенеуніктер шұрық тесік шатырды жамап береміз дегенімен, онысы сөзбұйдаға салыныпты. Жергілікті органдар мердігерге сілтесе, жұмысты жүргізген мекеме баяғыда ізін суытып үлгерген. Енді қаһарлы қыстың қарсаңында шарасыз тұрғындар кімге барып шағынарын білмей отыр.