Бесобаның орнына жаңа үй салып жатқан құрылысшылар жалақы ала алмай шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бесобаның орнына жаңа үй салып жатқан құрылысшылар жалақы ала алмай шу көтерді

Бесобаның орнына жаңа үй салып жатқан құрылысшылар жалақы ала алмай шу көтерді

Қарағандыдағы атышулы Бесоба тұрғынүй кешені төңірегінде тағы да дау! Енді апат болған орынға жаңа үй салып жатқан құрлысшылар наразылық білдіруде. Айтуларынша, мердігер компания жұмысын істетіп алған соң, уәделі ақшаны төлеудің орнына қоқан лоққы көрсетіп, қуып жіберген. Алайда жұмыс беруші жақ бұл айыптың барлығын жоққа шығарып, жоспарды орындамады деп бәленің барлығын жұмыскерлердің өздеріне жауып жатыр.

  • 5 Қараша 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz

«Шапағат» деп аты өзгертілгенімен бұл баяғы сол атышулы Бесоба. Шенеуніктер жыл аяғына дейін салып бітіреміз деп жар салған соң, кешенге жиналған жұмыскерлер мұнда демалыссыз, күні түні тынбай еңбек етіпті. Алғашында келісімдегі қаражат мына құжатта көрсетілгендей төленген. Кейін күрт құбылған басшылық кестеден қалып келесіңдер, адамдарың жетпейді деген желеумен қаражатты қысқарқан. 

Мұрат Көпбаев, құрлысшы: 

— Берем деген уақытында берген жоқ. Берген күнде де 3 бөліп берсе, оның өзін алып қап отса, қандай адам тұрады бұл жерде. Кететіндер кетіп қалды. Соның өзінде де мына жерде 42 адам жүрміз бір бригадада. 3 бригадада жүрміз мына жерде.

Жұмыс беруші талаптарын тыңдамаған соң, құрылыс алаңына келетін шенділерге де құлаққағыс қылып көрген. Алайда шағымды шіреніп тұрып тыңдайтын олардан қайыр болмады дейді құрылысшылар.  

Ержан Тазабеков, құрлысшы:

— Қайда барсаңдар онда барыңдар деп департамент айтады. Егер керек десеңдер сендерді жатқызатын жер тауып берем дейді. Қамап тастаймын дейді. Сөйтіп қорқытып отыр жігіттерді.

Наразы топқа төбесін көрсеткен мердігер заңды бұзғаным жоқ. Келіспегендер керекті жерге шағымдансын, қыларын қылып алсын дейді.  Ал бағаны жұмыстың сапасы мен жылдамдығына қарай белгілегенін айтады.


Бақтияр Шахманов, «О.Т.А.Н» ЖШС бас директоры:

Олар өздеріне тиесілі жұмысты істемеді. Бесобаның басты назарда тұрғанын пайдаланып, әдейі шу көтеріп жатыр. Сөздері жалған. Бір шаршы метріне 10 мың 500 теңгеден төлеймін.

Құрлысшылар мердігермен ресми келісім-шарт жасаспағанымыз «қайыршыға жел қарсының» керін келтіріп тұрғанын айтады. Әке-көке дегенсін көніп едік деген олар, құр айғайдан өзге айғақ таба алар емес. Сондықтан мердігер айтқан сома созбалаңға салынбай қолға тисе дейді. Ал осындай дауға қарамастан қала билігі мен құрылыс компаниясы әзірге қаңқасы ғана тұрған мына ғимаратқа бір айдан кейін тұрғындар қоныстанады деп сендіріп отыр.