27 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны сәбиді қала сыртындағы көпір маңына жетектеп апарған. Қаңғыбастардың мекеніне айналған ағаш күркелердің бірінде ол балаға мәжбүрлеп арақ берген. Жұмыссыз жүрген маскүнем арам тірлігін жасап үлгермеген көрінеді. Тіпті баланың ата-анасынан 300 мың теңге талап етпек болған екен. Ұлы үйге оралмаған соң 38 жастағы әйел дереу полицияға хабарласқан. Көп ұзамай күдіктінің үстінен түскен тәртіп сақшылары баланы аман-есен анасының қолына табыстады.