А.Мамытбековтың атқарған ісі депутаттардың көңілінен шыққан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Мамытбековтың атқарған ісі депутаттардың көңілінен шыққан жоқ

А.Мамытбековтың атқарған ісі депутаттардың көңілінен шыққан жоқ

Депутаттар Асылжан Мамытбековке жұмыс істеуді үйретпек. Мәжіліске есеп беруге келген Ауыл шаруашылығы министрін бүгін халық қалаулылары әбден сынады. Мамытбеков шалғайдағы шаруалырды әбден шаршатып, өзі басқаратын ведомстваны былыққа батырған дейді депутаттар. Ал, мыңдаған гектар шұрайлы жердің қызығын тек олигархтар көріп отыр. Салдарынан жұрт ет пен сүтке, шаруалар жем-шөпке жарымай жүр. Ауыл шаруашылығындағы қордаланып қалған осындай мәселелерді жіпке тізіп берген депутаттар бас аграномның жұмысына тікелей араласып, ақыл-кеңес беруге дайынбыз деп отыр. 

  • 5 Қараша 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

Мамытбеков Мәжілістегі кезекті есеп беруге бүгін көңілді келді. Міне, Ауыл шаруашылығы министрі депутаттармен қол қысып амандық  сұрасып жүр. Алайда, халық қалаулылары бас аграномның бұл  кішіпейілділігін ескермеді де, жиын бастала салысымен сын тезіне алды. Биыл қыста «өз еркіңмен отставкаға кет» деп кеңес берген Косарев бұл жолы Асылжан Сарыбайұлынан мыңдаған гектар егістік жерлерін иемденіп алған олигархтардың атын атап, түсін түстеуді талап етті.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

— Министр мырза, егін алқаптарындағы қыруар қаржыны қалтасына басқан  миллиардерлердің аты-жөнін және олардың ел экономикасының дамуына, жерді жақсартуға қаншалықты үлес қосқанын айтып беріңізші. Егер, өз мәселеңізді өзіңіз шешуге шамаңыз жетпесе, депутаттарды одаққа қосыңыз, біз бәрін тәртіпке келтіреміз.

Владислав Косарев министрдің есебіне ерекше дайындалған екен. Бір күн бұрын ерінбей дүкендерді аралап шыққан депутат 1 дана жұмыртқаның құны 25 теңге тұратынын естіп талып қала жаздапты. Мал шаруашылығына қажетті жем-шөптің де  құны шарықтап тұр дейді депутат. Сондай-ақ, мәжілістегілер елімізде суармалы жердің де жетмсіреп жатқанын айтып, ашынды. Мамытбековтың бұған жауабы дайын екен. Құнарсызданып кеткен  жерлердің мәселесін егінге арналған суға тарифті көтеру арқылы шешпек. 


Асылжан Мамытбеков, Ауыл шаруашылығы министрі:

— Өзімен-өзі ағып жатқан жерде арзандау болады, көтерілетін суда, алысқа жеткізілеті, насоспен әкелетін суда қымбатырақ болады. Тариф арқылы күнделкті су  пайдаланушылардың төлемдерді арқылы салынған инвестицияларды өтеуге осындай механизмді ұсынып отырмыз.

Депутаттар Беларусьтан тонналап тасымалданатын ет пен отандық мал шаруашылығының ақсап тұрғанын да министрдің есіне тағы бір салды. Әріптестері осылайша қызыл кеңірдек болып жатқанда айтқандарыңның  бәрі осы залдан әрі аспайды деген сыңай танытып, сансыз сауалдарды тоқтатуды талап еткен депутаттар да болды. 

– Сұрақтар қайталанып кетті. Тікелей сөзжарысқа өтіп кетейікші.

– Депутаттардың сұрақ қоюға құқығы бар. Уақыт та бөлінген.

– Жоқ, рұқсат сұрап отырмыз ғой енді әріптестерімізден.

Ал Мамытбековтың Мәжіліске алып келген тағы бір жаңалығы бар. Министр енді әр 5-7 жыл сайын еліміздегі суармалы жерлерді мемлекеттік зертханада тексеруден өткізбек. Егер топырақтың құнарлылығы бұзылғанын байқасақ, шаруалар жерді пайдалану құқығынан айырылады. Ол үшін министрлік жуырда Жер кодексін қайта қарауды да ұсынды.