Астанада 9 қабатты үй өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 9 қабатты үй өртенді

Астанада 9 қабатты үй өртенді

Астана қаласы Алматы ауданында Күйші Дина көшесінде орналасқан 9 қабатты үйде шахтадағы кабель өртенді.

  • 5 Қараша 2013
  • 520
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Өрт орнынан 6 адам (оның ішінде 5 бала) құтқарылып, 28 адам (оның ішінде 17 бала) қауіпсіз жерге шығарылды, газдан уланған 20 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.

Өртті ауыздықтауға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 19 адамы және өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» ММ 3 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды.