Алматыда Бикен Римованы еске алу кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Бикен Римованы еске алу кеші өтті

Алматыда Бикен Римованы еске алу кеші өтті

Алматыдағы М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтық лауреаты Бикен Римованың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

  • 7 Қараша 2013
  • 475
Фото - Caravan.kz


"Мұны еске алу кеші немесе Би ананың 90 жылдық мерейтойы десек те болады. Өмірінің соңғы жылдары Болат Атабаев екеуі келіп, «менің өмірім жақын қалған сияқты. Сахнамен қоштасуым керек, аққу әнім сияқты бір пьеса жазып бер» деді. Ақылдасып отырып «Естайдың Қорланын» жазатын болдық. 3 күннен кейін оның қолжазбасын қолына тигіздім, сосын оны Болат Атабаев сахнаға қойды», — дейді Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып. Ақынның айтуынша, Б. Римова сахнадағы өмірін Еңлікпен бастап Қорланмен аяқтады. Атақты өнер жұлдызының театр сахнасындағы 80 және кинодағы 30-ға жуық рөлі көрермен жүрегінде мәңгіге сақталып қалды.

Перейти к новостям спорта