"Осы күнге жеткізген Раббыма шүкір": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.4
  • 539.39
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осы күнге жеткізген Раббыма шүкір": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөлісті

"Осы күнге жеткізген Раббыма шүкір": Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығымен бөлісті

Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты сәтімен бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

  • 27 Шiлде
  • 8
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин!», — деп жазды ол.

Көпшілік әншінің шаңырағындағы қуанышқа құтты болсын айтып, жылы тілектерін жаудырып жатыр.

«Қуаныштарыңыз құтты болсын, шын жүректен құттықтаймыз», «Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын», «Өте дұрыс шешім, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз» деген тілектерін көпшілік жаудырып жатыр.

Айта кетейік, әншінің бір қызы биыл ұзатылған болатын.