Нұржамал Үсенбаева «Golden Europea» құрмет белгісіне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұржамал Үсенбаева «Golden Europea» құрмет белгісіне ие болды

Нұржамал Үсенбаева «Golden Europea» құрмет белгісіне ие болды

Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева (сопрано) Еуропалық өнер одағы тарапынан берілетін көркемөнер және мәдени қызмет саласындағы жоғары марапат - «Golden Europea» («Алтын Еуропа») иеленді. Опера әншісі 4 қарашада Прагада өткен қайырымдылық гала концертінде өнер көрсетіп, елге алтын мүсіншемен және дипломмен оралды. Аталған марапатты дүние жүзінде небәрі 20 адам иеленген. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

  • 7 Қараша 2013
  • 462
Фото - Caravan.kz

Салтанатты гала-концерт прагалық Рудольфинумде, жаман ауруға шалдыққан балаларды қолдау, оларды заманауи технологиялармен жабдықталған үздік медициналық мекемелерде емдеу үшін қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Нұржамал Үсенбаева оңтүстік чехиялық Камералық оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік опера сахнасының жұлдызы, баритон Филип Банджакпен (Чехия Республикасы) бірге өнер көрсетті, дирижері — Петр Хромчак.


Перейти к новостям спорта