Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты жазғы Универсиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты жазғы Универсиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты жазғы Универсиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы спорттың бұл түрін келешекте жазғы Универсиада ойындарының бағдарламасына кіргізуге ұсынбақ. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XIV халықаралық конференциясында айтылды.

  • 7 Қараша 2013
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Барлық елдерде төтенше жағдайлар министрлігі желісіндегі оқу орындары көп. Студент жастар бұл спорт түрінен Бүкіләлемдік жазғы универсиадаға қатыса алады. Бұл біздің алдымызда тұрған басты мақсаттарымыздың бірі болып отыр. Өйткені біздің федерация жас және қарқынды дамып келе жатыр», — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божо.

Айта кету керек, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының Х мерейтойлық Әлем чемпионаты 2014 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда өтетін болды. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XIV халықаралық конференциясында айтылды.


«Бұл әлем чемпионаты алдындағы міндетті шара. Бүгін қыркүйек айында Кореяның Чинджи қаласында өткен ІХ Әлем чемпионатының нәтижелері мен келесі жылы Алматыда болатын Әлем чемпионатының ұйымдастыру жұмыстары талқыланады», — дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.