Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшылар Еуропадағы жеті танымал туристік елдегі демалыс құнын салыстырған. Зерттеу барысында Еуростаттың ұлттық баға индекстері пайдаланылды. Олар елдердегі тауарлар мен қызметтердің орташа бағасын көрсетеді. Алайда мамандар танымал курорттардағы бағалар ел бойынша орташа көрсеткіштен өзгеше болуы мүмкін екенін атап өтті.
Мәселен, Афинадағы және Кос аралындағы қонақүй бағасы айтарлықтай ерекшеленгенімен, есептеу кезінде екеуі де Грекияның орташа көрсеткішіне енгізілген.
Бағалауда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының (HFCE) индексі қолданылды. Егер Еуроодақтағы орташа тұтыну себетінің құны 100 еуро деп алынса, онда:
- Түркия – 59,6 еуро;
- Хорватия – 78,4 еуро;
- Португалия – 86,6 еуро;
- Грекия – 87,4 еуро;
- Испания – 91,6 еуро;
- Италия – 97,1 еуро;
- Франция – 100,3 еуро.
Зерттеу нәтижесі бойынша Түркиядағы бағалар Еуроодақтағы орташа деңгейден шамамен 40%-ға төмен болса, Франция ең қымбат бағыт атанды.
Сарапшылар қонақүйде тұру мен қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасын да жеке салыстырған.
– Бұл санат бойынша ең жоғары көрсеткіш Францияда тіркелді – 116. Одан кейін Италия – 110,8. Ал ең қолжетімді бағыт ретінде Португалия танылды. Мұнда қонақүй мен мейрамхана қызметтерінің индексі 73,6 болып, Еуроодақтағы орташа деңгейден 26,4%-ға төмен болды, – делінген зерттеуде.