Н. Назарбаев Э. Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев Э. Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады

Н. Назарбаев Э. Рахмонды Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтады

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға оның Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

  • 7 Қараша 2013
  • 510
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Өз құттықтауында Қазақстан Президенті сайлаудағы жеңіс Тәжікстан халқының Э.Рахмонға және оның елдегі тұрақтылықты сақтау, тұрғындар әл-ауқатын арттыру бағытына деген жоғары сенімінің белгісі екенін атап өткен.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің қызметі елдің одан әрі өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген.


«Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың аясы біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алда да кеңейіп, нығая түсетініне сенемін», — делінген жеделхатта.

Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Э.Рахмонға зор денсаулық және жаңа табыстар, сондай-ақ достас тәжік халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.