Елімізде түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін

Елімізде түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін

Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің таныстырылымы барысында Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков мәлім етт

  • 7 Қараша 2013
  • 439
Фото - Caravan.kz


Вице-министрдің айтуынша, сотталғандардың атына сәлемдемелер жіберуді тоқтатумен қатар, түзеу мекемелеріндегі дүкендерден қажетті бұйымдар мен азық-түлік алуға арналған айлық есептік көрсеткіш көлемін өсіру жоспарланып отыр.

«Мекемелердің аумағында ақшаның мұндай ресми айналымы жоқ, бірақ олардың барлығының қолында карточкалар бар. Олар дүкендерден карточкалар арқылы азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алады. Ал сәлемдемелер, біріншіден, тыйым салынған заттардың түрмелерге өтуіне жол ашады. Екіншіден, камерада сақтауға мүмкін болмайтын азық-түліктер де келеді. Үшіншіден, сәлемдемелерді жинау және жіберу карточкаға ақша аударуға қарағанда қиындау», — деді А. Күреңбаев.