Қимылы ширақ 6 айлық кенгурудің аты Майка. Мұндай лақап атты оған қарағандылықтар қойыпты. Себебі, бірнеше күн бұрын Майка осы қаладан Шымкент зообағына айырбас ретінде ауысып келген. Ал, кішкентай қалталының орнына пржевельский жылқылары беріліпті. Қазір шетелдегі зообақтардан жас болса да оның сыңары іздестіріліп жатыр. Ал кенгуруді биологтар төркіндестері болып табылатын австралиялық жануарлармен қатар орналастырған. Майканың қазіргі көршілері эмо мен страус. Зообақтың нағыз еркесі атанған оның күнделікті ас мәзіріне алма, сәбіз бен капуста секілді түрлі жеміс жидектер үзбей беріледі екен.