14 жастағы қыздың өліміне ата-анасы көршісі кінәлі екеніне сенбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 жастағы қыздың өліміне ата-анасы көршісі кінәлі екеніне сенбейді

14 жастағы қыздың өліміне ата-анасы көршісі кінәлі екеніне сенбейді

Павлодар облысында 14 жастағы Анастасия Шарипованың өліміне қатысты тергеу тығырыққа тірелді. Өйткені  марқұмның отбасы қыздарын жер жастандырған күдіктінің  қылмысқа еш қатысы жоқ деп  бүгін тосын мәлімдеме жасады.

  • 8 Қараша 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz


Қайғыдан қан жұтқан ананы полицияның көрсеткен нақты айғақтары да иландыра алмай отыр. Тәртіп сақшылары 8 сынып оқушысы Анастасия Шарипованы алдымен зорлап, кейін орға көміп кеткен 20 жасар Виктор Бухарев екеніне сенімді. Ол марқұмның көршісі. Күдікті жасаған қылмысты бірден мойындаған. Айтуынша, мастықпен жасаған әрекетіне өкініп, асылып қалмақ та болыпты. Бірақ жіп үзілгеннен кейін қашуға бел буған. Енді міне, айуандық әрекеттерін бүге-шігесіне дейін көрсетіп жатыр. Тіпті, аузына мата тығып, қыздың үстіне қалай төнгенін де айтып берді. Алайда қыздарынан айырылған шаңырақ көршілерінің мұндай қатыгездікке баруы мүмкін емес дейді.