Атырауда 5 компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 5 компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда 5 компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін 4 компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 8 Қараша 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz

Тергеуге іліккен компаниялардың тізімінде «ЕвроАзияҚұрылыс», «ӨмірСерікҚұрылыс», «Каспий Лифт», «Верцхли» ЖШС-тері бар. Осы ЖШС-терге қатысты көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан түскен шағымдарда есеп жоқ. Олар бұл үйлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша терможаңғырту жүргізген болатын. Тұрғындардың айтуынша, үйлердің әрқайсысына бөлінген 30-35 млн. теңге толығымен жұмсалмаған немесе тиімсіз пайдаланылған. Қылмыстық істерді тергеумен арнайы прокурорлар айналысуда.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша терможаңғырту 2011-2012 жылдары 45 көппәтерлі үйде жүргізілген. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 200 млн. теңге бөлінген.