Елордада «Абылай ханның арманы» тарихи драмасының премьерасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада «Абылай ханның арманы» тарихи драмасының премьерасы өтеді

Елордада «Абылай ханның арманы» тарихи драмасының премьерасы өтеді

12-13 желтоқсанда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» атты тарихи драманың премьерасы өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 433
Фото - Caravan.kz

Қойылым Тәуелсіздік күні қарсаңында Абылай ханның 300 жылдығына орай көрсетіледі.

Авторы — белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Бұл Д.Рамазан мен Б.Ұзақов шығармашылығындағы екінші тарихи туынды болмақ. Бұған дейін 2010 жылы драматург пен режиссер үндестігінде «Кенесары — Күнімжан» атты тарихи драма дүниеге келіп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің сүйікті қойылымына айналған.

Абылай ханның рөлінде «Қасым» фильмінде Халық қаһарманы — Қасым Қайсеновты сомдаған талантты актер Қуандық Қыстықбаев пен «Кенесары-Күнімжан» спектаклінде Кенесары бейнесін сомдаған, өнерсүйер қауым жылы қабылдайтын Сырым Қашқабаев ойнайды.


Перейти к новостям спорта