Таразда өртеніп кеткен жаңа жылдық шыршаның орнына жаңасы орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда өртеніп кеткен жаңа жылдық шыршаның орнына жаңасы орнатылды

Таразда өртеніп кеткен жаңа жылдық шыршаның орнына жаңасы орнатылды

Таразда орталық алаңда сенбіде таңертең жаңа пластикалық шырша қойылды, ол өртенген шыршаның орнына орнатылды.

  • 28 Желтоқсан 2013
  • 292
Фото - Caravan.kz


Әзірге соңғы монтаждау жұмыстары жүргізілуде, жаңа жылдық шыршаға әшекейлер ілініп үлгерілмеген.

Облыстық полициядан "ИФ-Қазақстанға" хабарлағандай, шыршаның өртенуіне себеп болған кінәлі адам табылған сыңайлы.

Үш метрлік пластикалық шырша өткен жұмада кешке бірнеше минуттың ішінде өртеніп кеткен. Көргендердің айтуынша, ол бір әйел ұшырып тұрған қытайлық петарданың әсерінен өртенген болу керек. Шырша өртенген бойда ол көлігіне отырып, оқиға болған орыннан кетіп қалған.