Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Әбілқайыр Сқақов Қазақстан ның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Болат Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстанның Бангладештегі, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтегі, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Арман Исағалиев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.