Мысырдағы қазақстандық туристердің курорт аумағынан шықпағаны жөн - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мысырдағы қазақстандық туристердің курорт аумағынан шықпағаны жөн

Мысырдағы қазақстандық туристердің курорт аумағынан шықпағаны жөн

Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті Мысырда демалып жатқан отандастарымызға сақ болып, курорт аумағынан шықпауды ұсынып отыр.

  • 28 Желтоқсан 2013
  • 193
Фото - Caravan.kz

"24 желтоқсан күні мысырлық Эль-Мансура қаласында, Каирдан солтүстікке қарай 120 шақырым жерде полиция басқармасының жанында қопарғыш зат қойылған көлік жарылған. Соның салдарынан 14 адам қаза болды, жүзден аса адам жарақат алды", делінген сенбіде комитеттен таралған ақпараттық хатта.

Осы орайда комитет қазақстандық туристерге курорттан шықпауды, әсіресе террористік құбылыстар орын алуы ықтимал қала мен аудандарға бармауды ұсынып отыр.