туристік фирмалардан отандастарға тырысқақ ауруына қатысты Гаити, Конго және Анголадағы жағдайдың мәз емес екендігін түсіндіруді өтінеді.
"Жаңа жылдық мерекелердің жақындап қалғандығын ескере отырып және қазақстандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туризм индустриясы комитеті туристік фирмалардан сол елдерге шықпақ азаматтарды тырысқақ ауруын жұқтырулары ықтимал екендігін міндетті түрде хабардар етуді сұрайды", делінген сенбіде комитеттен таралған ақпараттық хатта.
Қажет болған жағдайда, делінген хатта, бұл қауіпті аурудың алдын -алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек.