Ford басшысы Microsoft компаниясын басқарудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ford басшысы Microsoft компаниясын басқарудан бас тартты

Ford басшысы Microsoft компаниясын басқарудан бас тартты

Ford Motor Co. компаниясының бас атқарушы директоры Алан Мулалли Microsoft Corp. компаниясын басқару үшін

  • 8 Қаңтар 2014
  • 207
Фото - Caravan.kz

өз компаниясын тастап кетпейтінін мәлімдеді, деп жазады The Wall Street Journal.

Былтыр тамыз айында Microsoft компаинясының қазіргі басшысы Стив Балмер он екі ай ішінде қызметтен кеткелі отырғанын мәлімдегеннен кейін оның орнына негізгі кандидаттардың бірі ретінде Алан Мулалли қарастырылған болатын.

Осылайша, А.Мулалли өз кандидатурасына қатысты даурықпа сөздерге нүкте қойды, бірақ енді Microsoft компаниясын кім басқарады екен деген жұрттың алаңдауын күшейтті.

Өзге үміткерлер арасында Nokia Corp. бұрынғы басшысы Стивен Элоп, Oracle Corp. президенті Марк Хард, Pivotal Software Inc. бас атқарушы директоры Пол Мориц, Microsoft компаниясының өзінің топ-менеджерлері Сатья Надела мен Тони Бейтс бар.