Ол күйеуіне екінші әйелді өзі әпергенін мойындады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Блогер Айтуғанның бірінші әйелі күйеуінің тоқал алуына қарсы болмағанын және бұл қадамға «Алланың разылығы үшін» барғанын мәлімдеді. Ол бұл жағдайдың хайп емес екенін айтып, желі қолданушыларынан артық сөз жазбауды өтінді.
Алайда оқырмандар бұл шешімді түсінбей, қатаң сынға алды. Көпшілік «лас тірлікке дінді араластырмауды» талап етіп, наразы пікірлерін жаудырып жатыр.
«Алла разылығы үшін емес нәпсі үшін», «Күйеуін қызғанатындар көтере алмай жатыр , Алла рұқсат берді , сөзін жоққа шығаруға болмайды , әр адам өзі шешеді», «Дұрыс, шаршаған шығар байынан» деп жазып жатыр олар.