Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«ҰҚК қызметкерлері Бішкек қаласы мен Шу облысы аумағында контртеррористік шара барысында халықаралық террористік ұйымға кірген Қазақстанның "Р.Н." және "С.М." деген екі азаматын ұстады.
Қазақстан азаматтары Қырғызстанға Сирия аумағында әскери дайындықтан кейін заңсыз келген.
Арнайы қызмет мәліметіне сәйкес, ұсталғандар жалған құжат пайдаланып Қырғызстанға сіңіп, кейін сириялық қатығыс аймағына адамдарды жіберуді көздеген.
Сонымен қатар, ұсталғандар Калашников автоматын, тапаншалар, мылтық, оқ-дәрілер жасырған.
Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.