Мәжіліс той жасау мен беташарды күнә санайтын діни ағымдарға ашық күрес жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс той жасау мен беташарды күнә санайтын діни ағымдарға ашық күрес жариялады

Мәжіліс той жасау мен беташарды күнә санайтын діни ағымдарға ашық күрес жариялады

Радикалды діни ағымдар ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіре бастады. Қанатын кеңге жайған мұндай ағым мүшелері әсіресе, жастардың санасын улап жатыр. Тіпті қазақтың салт-дәстүрін жоққа шығаруға белсене кіріскен. Бүгін Мәжілістің биылғы алғашқы отырысы дінге қатысты осындай батыл мәлімдеме жасаумен басталды.

  • 9 Қаңтар 2014
  • 215
Фото - Caravan.kz

Ісі күмәнді діндарлар арам пиғылдарын ұлттық құндылықтарымызды жою арқылы жүзеге асырмақ. Алла атынан сөйлеуге әдеттеніп алғандардың ойынша, Конституцияға бағынған адамдардың барлығы күнәхар екен. Мәжіліс төрінен шырылдаған Бақытбек Смағұл Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды тәубасына түсіруі керек дейді. Сонымен қатар  Ислам өркениетіндегі қазақ мәдениетінің орны, дәстүрлі діні туралы мектептен бастап сауатты оқытылуын талап етті. Әйтпесе, радикалды бағыттағы топтар елді есінен адастыра бастаған.


Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты:

-Салафиттер театр, өнер, туған күн тойлауды харам, күнә деп есептейді. Бұлар Ваххаби ағымындағылары үшін Аллаға серік қосу, дінге жаңалық қосу. Олар беташар сынды дәстүрлерімізді жоққа шығаруда, тыйым салуда. Құдай бетін аулақ қылсын, ертең Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығарғанда еліміз үшін бүлік шығаруға негіз болатын идеологиялық кеңістік жасап, еліміздің тұрақтылығына кері әсерін тигізбек деп қабылдау керек.