Қалыңдығының жұмыс орнына келіп өзін өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалыңдығының жұмыс орнына келіп өзін өртеп жіберді

Қалыңдығының жұмыс орнына келіп өзін өртеп жіберді

Қарағандыда сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт тура сауда орталығында өзін өртеп жіберді. 30 жастағы Павел Трофимов құтқарушылар мен жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. 

  • 9 Қаңтар 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz


Оқиға түс ауа «Қарағанды» қонақүйінің екінші қабатында орналасқан дүңгіршектерінің бірінде болған. Теміртаулық жігіт үстіне алып келген жанармайды құйып, жағып жіберген. Дәлізбен жанұшыра жүгіріп, іштедегілерді аяғынан тік тұрғызыпты. Ғимаратты түтін алғасын жұрт сыртқа шығарылып, есік терезелер айқара ашылған. Алайда өзіне қол салған жігітті құтқару мүмкін болмады. Білетіндер Павелдің осы жерде жұмыс істейтін Ирина есімді қалыңдығымен араздасып жүргенін және бүгін қыздың жұмыс орнында болмағанын айтып отыр. Ашуланған жігіт кейін осындай оқыс қадамға барған. Оқиға орнында жұмыс істеген полиция адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.Ал жігіттің денесін бірден жерлеу рәсімін өткізушілер алып кетті.